Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz - 20 ақпанда кезекті салық есебін өткізу және оны төлеу мерзімі аяқталады.
Салық төлеушілер 2017 жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей салық есебінің келесі түрлерін өткізу қажет:
- Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі салық есептілігін декларация - 320.0 және Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш - 328.00;
- Жер төлемдерін пайдаланғаны үшін төлемнін ағымдағы төлемдер сомасының есебі - 851.00 (2017 жылға және жерді уақытша пайдаланғаннан кейін иесіне қайтару туралы келісім 2017 жылдың қаңтар айында жасалған болса);
сондай-ақ:
2017 қаңтар айы үшін Кедендік одақтағы қосымша құн салығын;
2017 қаңтар айы үшін акциздер бойынша салықтар мен алымдарды;
2017 жылдың 25 ақпанына дейін 2017 жылдың қаңтар айы үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығын төлеу (ЖТС) қажет.
2017 жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей:
2017 жылдың ақпан айы үшін корпоративті табыс салығы бойынша аванс төлемдер;
2017 жылы төленген кіріс бойынша және 2016 жылдың 2 жарты жылдығы үшін ЖТС;
Резидент емес заңды тұлғалар үшін 2017 жылдың қаңтар айында есептелген төлем бойынша КТС;
Оңтайландырылған декларация бойынша 2016 жылдың 2 жартысы үшін аударылған салық төлемінің 1/2 мөлшерінде КТС және ЖТС;
2016 жылдың 4 тоқсаны бойынша ҚҚС;
2016 жылдың 4 тоқсаны бойынша экспортқа салынатын салық;
2016 жылдың 4 тоқсаны үшін төлем 10 000 АЕК-тен асатын болса тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем;
2016 жылдың 4 тоқсаны үшін пайдалы қазбаларға салынатын салық;
2016 жылдың 4 тоқсаны үшін роялти, өндіріс бонусы, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі және , өнiмдi бөлу туралы келiсiмшартты жүзеге асыру бойынша жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлем төлену керек.
Сондай-ақ:
2017 жылдың қаңтар және 2016 жылдың 2 жартысы үшін оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасынан кем әлеуметтік аударымдар сомасының 1/2 мөлшерінде әлеуметтік салық;
Жер салығы;
Мүлік салығы;
2016 жылдың 4 тоқсаны үшін ойын бизнесі үшін салық және қосымша төлем;
2016 жылдың 4-ші тоқсаны үшін бекітілген салық;
2016 жылдың 4 тоқсаны үшін жер телімдерін және су ресурстарын пайдалану бойынша төлем;
Қоршаған орта эмиссиялары үшін төлем;
2017 жылдың қаңтар айы үшін сыртқы жарнама бойынша төлем жасаду керек.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024