АҚШ реттегіштері асыл металдар нарығындағы 10 ірі банктің қызметіне тексеру жүргізеді деп хабарлайды The Wall Street Journal.
АҚШ әділет министрлігі Лондонда алтын, күміс, платина және палладий бағасын белгілеу процесіне тексеру жүргізіп жатыр деп хабарлайды дереккөздер. Бұл ретте Тауарлық фьючерстерді саудалау комиссиясы (Commodity Futures Trading Commission, CFTC) банктерге ақпаратты ұсынуға қатысты сұрау салған.
Тексеру J.P. Morgan Chase & Co, Goldman Sachs және UBS AG банктеріне қатысты жүргізілуде. Сонымен қатар америкалық реттегіштердің тізімінде Societe Generale, Standard Bank, Deutsche Bank және Credit Suisse бар. Бұған қоса, Bank of Nova Scotia, Barclays және HSBC Holdings қызметтері тексерілуде.
Тауарлық фьючерстерді саудалау комиссиясы HSBC банкке асыл металдарды саудалауға байланысты қызмет бойынша жауап беруге қатысты сауал жолдаған.
Өткен жылға дейін алтын, күміс, платина және палладий бағасы банктердің шағын тобы арасындағы телефон конференциялары барсыныда анықталып келген, бұндай конференциялар күніне 1-2 рет өтіп тұрған. Содан бері баға белгілеу процесі қайта қарастырылды.
Бұған дейін Еуропаның қадағалаушы органдары да асыл металдар нарығындағы банктердің қызметіне қатысты тексерулерді жүргізген еді. Алайда тексеру жұмыстары заң бұзылуының дәлелдері болмағандықтан тоқтатылған болатын.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024