Экономика
АҚШ қауіпсіздікке байланысты қытайлық смартфондардың сатылымына шектеу қояды
Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz - Ақ үй әкімшілігі АҚШ аумағында қауіпсіздікке байланысты қытайлық смартфондар мен телекоммуникациялық құрылғылардың сатылымына шектеу қояды деп жазды The Wall Street Journal.
The Wall Street Journal-дың ақпараты бойынша, бұл шектеу негізінен Huawei және ZTE компаниялардың өнімдерін қатысты. Қазіргі уақытта аталған компаниялардың өнімдерін ұлттық қауіпсіздік мақсатында мемлекеттік органдарға сатылымын шектеу мәселесі қаралып жатыр.
АҚШ үкіметі бұған дейін елдің әскери базаларында бұл екі компанияның смартфондарын сатуға тыйым салған еді. Ақ үй Huawei және ZTE Пекиннің талабы бойынша америкалық қолданушыларды бақылап отыруы мүмкін.
Айта кетейік, осы мәселе бойынша әлі нақты шешім қабылданбады. Бірақ АҚШ-тың сауда министрлігі Huawei мен ZTE-нің өнімдерін Иран және КХДР-на жасалған санкция талаптарын бұзды деп америкалық компанияларға екі компанияның өнімдерін сатуға тыйым салған.