Экономика
АҚШ ауылшаруашылығы министрлігі қазақстандық астық өндірісі мен экспорт көлемі бойынша болжамды өзгеріссіз қалдырды
Алматы. 10 қараша. 7kun.kz - АҚШ ауылшаруашылығы министрлігі жариялаған қарашадағы шолуда қазақстандық астық өндірісі мен экспорт көлемі бойынша 2017 жылдың шілдесі мен 2018 жылдың маусымы аралығына арналған болжамды өзгеріссіз, 14 млн тонна көлемінде қалдырды.
Қазақстандық астықтың экспорт көлемі 7,5 млн тонна көлемінде, импорт 50 мың тонна болады деп болжанды.
Айта кетейік, Қазақстан 2016 жылы бункерлік салмақта 23,7 млн тонна астық өнімін жинады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 18,5 пайызға артық.