Ақ үй Еуроодақ пен Грекияны қарыз мәселесінде келісімге келуге шақырды. Бірақ келіссөздер кезінде қажетсіз "драмадан"қашып, еуропалық валюталық одақты сақтап қалу қажет дейді АҚШ президентінң баспасөз-хатшысы Джош Эрнест.
"Еуропалық валюталық одақты сақтап қалу әлемдік экономиканың мүддесіне сай", - деді Эрнест. Ол Вашингтонның "Еуропалық Орталық Банк пен жекелеген еуропалық елдердің бұл мәселені халықаралық экономикаға артық кедергі тудырмайтындай шешетіндігіне" сенім білдіретіндігін атап өтті.
Айта кетейік, осыған дейін Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) сәуірдегі кездесулер кезінде Еуротоптың Грекия қарызын жекелей өшіріп тастауды ұсынғандығын жоққа шығарды. Қор өкілінің сөзінше, Грекияға қарыздарының тәуелділігінен құтылу үшін жеңілдіктер қажет екендігі рас. Бұл туралы ХВҚ-ның еуропалық департаментінің директоры Пол Томсеннің мәлімдемесіне сілтеме жасап AFP хабарлайды.
"Еуротоптың Ригадағы жиналысы кезінде Грекияның қарыздарын жаппай жеңілдету туралы ұсыныстар болған жоқ", - деп атап өтті ХВҚ-ның еуропалық департаментінің директоры.
Айта кетейік, дүйсені күні Financial Times өзінің дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Еуротоп отырысы кезінде Афинаның қарызын жартылай өшіріп тастау ұсынысы айтылды деп хабарлаған еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024