АҚШ. 3 наурыз. 7kun.kz — АҚШ Алжир, Эквадор мен Катар секілді ОПЕК-тің басқа елдерімен салыстырғанда көп көлемде мұнай экспорттаған. АҚШ энергетика ақпараттары басқармасы таратқан ақпарат бойынша, Америка күніне 1,2 млн баррель тасымалдаған.
2015 жылы мұнай экспорттауға салынған қырық жылдық тыйымның (бұған дейін АҚШ өз шикізатын Мексика мен Канадаға ғана тасымалдай алатын) күшін жою америкалық мұнай секторының әлемдік нарықпен интеграциясын арттырды. Сондықтан бұл шешім елдегі өндіріс көлеміне ғана емес, сұраныс-ұсыныс әрі баға динамикасына әсер етіп жатыр.
«Ұсыныс жағынан қарайтын болсақ, біз жалпы нарықтың жағдайына әсер ететін ойыншы боламыз», — деген еді Pioneer Natural Resources-тің бас директоры Тимоти Дав.
Оның айтуынша, Pioneer жуырда Азияға 525 мың баррель сыятын танкерлер жібермек. ClipperData агенттігінің хабарлауынша, бұл жылы америкалық мұнай Канадаға, Испанияға, Сингапур мен Қытайға барады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024