АҚШ Ресей Федерациясымен экономикалық ынтымақтастықты жалғасыруға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри "Мир" телеарнасында берген сұхбатында айтты деп жазады newsru.com сайты.
Журналистпен сұхбат кезінде Джон Керри Ресей мен Қытайға Транс Тынық мұхиты серіктестігіне (ТТС) қосылу туралы ұсыныс жасады. ТТС туралы келісім 5 қазанда жасалған. Келісім аясында Тынық мұхиты - Азия елдері аймағында еркін сауда айналымы жүзеге асады. «Біз Қытай мен Ресейді осы келісімге шақырамыз. Егер өз стандарттарын көтергісі келетін мемлекеттер болса, оларды да шақырамыз», - деді американдық елші.
Сондай-ақ, ол Ресеймен Сирияға қатысты ынтымақтастық құрғысы келетіні туралы жеткізді. Біріншіден, бұл ұшу келісіміне байланысты болмақ. Д. Керридің айтуынша, алдын ала келісім жасалмай ұшуды ұйымдастыру - жақсы ой емес.
Екіншіден, алдағы іс әрекеттер Сирия Президенті Башар Асадтың тағдырына байланысты болмақ. «Біз Башар Асадтың болашағы туралы талқылап, саяси шешім табуымыз керек», - деді Джон Керри. Оның айтуынша, егер Мәскеудің мақсаты Асадты қорғау болса, жағдайды реттеу қиын болады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024