АҚШ-та Apple Watch сағаттарының сатылымы сатылымға шыққан аптамен салыстырғанда 90 пайызға төмендеді. Бұл туралы Slice Intelligence сараптама орталығына сілтеме жасап, Marketwatch хабарлайды.
Slice-тың хабарлауынша, демалыс күндері компанияда сатылған сағат саны 20 мыңға жуық болса, қалған жұмыс күндері 10 мыңдай сағат сатылған. Еске сала кетсек, Apple Watch сағаттары сатылымға шыққан сәттен бастап (10 сәуір) алғашқы аптада 1,5 млн данасы сатылған болатын. Басылымның жазуынша, қазіргі сәтте сатылымдағы Apple Watch сағаттарының үштен екісі – бағасы 349 доллар (ең төмен) болып белгіленген Sport топтамасындағы сағаттар көрінеді. Ал, 18-караттық алтынмен апталған Edition топтамасындағы сағаттарға (бағасы 10 мың доллар) сұраныс нашарлаған. Әзірге бұл топтамадағы сағаттардың 2 мың данасы ғана сатылған.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024