Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz — Alphabet компаниясына тиесілі робокөлік жасаушы Waymo Аризона штатында такси қызметтерін іске қосуға лицензия алды. Штат билігі компанияға пилотсыз минивэн Chrysler Pacifica-ны такси қызметтеріне қолдануға рұқсат берді, деп мәлімдеді hightech.fm.
Қаңтар айының соңында Аризона билігі Waymo-ға көліктер желісі деген мәртебе берді. Лицензия компанияға пилотсыз Chrysler Pacifica минивэнін пайдаланып, штат ішінде жолаушыларды тасуға құқық береді.
Тұтынушылар роботаксиді сайт немесе мобилді қосымша арқылы шақыра алады. Бұдан басқа барлық сервистерінің басқа такси қызметтерінен еш айырмашылығы жоқ.
https://m.youtube.com/watch?time_continue=1&v=aaOB-ErYq6YҚаңтардың соңында Waymo компаниясы Chrysler Pacifica гибридтеріне мыңдаған тапсырысты алғаны белгілі болған. Көліктердің алғашқы топтамасын компания жыл соңына дейін алады. Ал қазіргі уақытта Waymo паркінде 600 автокөлік бар.
Қолжетімді минивэндердің бәрі роботакси қызметтеріне қолданылады деген болжам бар. Ал роботаксиде жол ақысы қанша тұратынын компания өкілдері әлі хабарламады.
Waymo роботакси қызметі осы жылы Феникс қаласында іске қосылады. Феникстен кейін компания өз такси сервисін АҚШ-тың басқа қалаларына да іске асыратын болады.
Сондай-ақ, Waymo компаниясы рокомобилдерді тауарларды жеткізіп беру қызметінде пайдалану үшін каршеринг жүйесін құруға ниетті.
Айта кетейік, 2018 жылы «Navigant Research» ғылыми-зерттеу компаниясы құрастырған пилотсыз компаниялар рейтингінде Waymo алғаш рет үздік ондыққа енген.
Қания Табыс