Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz - АҚШ-тың зейнетақы жүйесі жаңа ғаламдық қаржылық дағдарыс тудыруы мүмкін. Енді бұл зейнетақы қоры америкалықтардың қартайған шағын толық қамтамасыз ете алмайтын болды. Бұл туралы "Вести.Экономика" хабарлады.
Соңғы зерттеулер бойынша бір миллионға жуық жұмыс істейтіндер мен зейнетке шыққандар зейнетақы жинағының күйреуге сәл-ақ қалғанын байқаған. Мақалада "Дегенмен, бұл жағдайға географиялық жағдай мен экономикалық статустың ешбір әсері болмаған. Мысалы, Оңтүстік Каролина штатының зейнетақы жоспарының мүшелері де осындай жағдайға тап болған. Ал олар 550 мың бұрынғы мемлекеттік қызметкерлер. Бұл адамдар 24,1 млрд доллар қаражат жоғалтқан" делінген.
Зейнетақы жүйесінің күйреуі жалпы банк секторына да әсер етеді. Себебі қаржы нарығына деген сенім азаяды. Сондықтан бұл жаңа әлемдік дағдарысқа алып келуі мүмкін. Басылымның жазуынша, Америка қазір қауіптің аз-ақ алдында тұр. Билік өкілдері зейнетақы жүйесін қалпына келтіре алмаса, бұл әлемдегі ең үлкен дағдарысқа түрткі болуы мүмкін. Бірақ бұл үшін жан-жақты қатаң шешім шығару керек.
АҚШ-тың зейнетақы жүйесі әлемдегі ең табысты деп есептеледі. Оның жалпы көлемі 25 трилиион долларға жуықтайды. АҚШ-та үш зейнетақы жүйесі бар: мемекеттік, жеке және корпоративтік зейнетақы жүйесі бар. Сондықтан, онда бір адам кем дегенде үш жерден зейнетақы алады: корпоративтік, мелекеттен және өзі жинаған.
Ал бөлу жүйесі басқа мемлекеттерден еш айырмашылы жоқ. Мұнда да жұмыс істейтіндердің зейнетақыға аударған қаражаты бірден кепілдендірілген зейнетақыны төлеуге жұмсалады. Мемлекеттік зейнетақы қорына жұмыс істеуші мен жұмыс беруші бірдей жалақының 7,65 пайызын аударып отырады. АҚШ-тағы зейнетке шығу жасы 65,5 жас. Мұнда жыныстық ерекшелікке қарамайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024