Ақтөбе. 28 тамыз. 7kun.kz - 10 тамызға дейін барлық мектептер оқулықпен қамтамасыз етіліп болуы керек еді. Десе де, 28 тамыз күнгі отырыста Ақтөбе қаласының оқушыларына кітаптарды әлі біраз күте тұру керек екендігі белгілі болды.
Ақтөбе мектептерінің оқу жылына дайын емес болуына агломериация себепті дейді басқарма басшысы Аслан Сәрінжіпов. Яғни, білім ордалары ауылдық жерден осынша оқушы келеді деп күтпеген.
"Ақтөбеге ауылдық мектептерден оқушылар көптеп ауысып келіп жатыр. Сол себепті нақты қанша оқулық керегін есептей алмаған. Жазда қанша оқушы болғаны есептеледі. Жаңадан келетіндер үшін ақша бөлу керек. Былтырғы оқушылардың саны мен биылғыда біраз айырмашылықтар болажды. Солардың орнын толтыру керек. Өздеріңіз білетіндей, мұнай бағасының түсуіне байланысты кейбір бюджеттік қиындықтар бар. Ақша кешігіп бөлінгендіктен, аздап жетіспей жатыр", - дейді БҒМ министрі Аслан Сәрінжіпов.
"Министрлікте қаңтар айында кітаптардың тізімін жасап, жоспар құрдық. Ақша бөлінді, оны маслихаттар мақұлдады. Ел бойынша бізге 200-ден артық аудан бар. Мысалы, бір Ақтөбе қаласында жаңа оқу жылына дайындықтың дұрыс болмауы, барлық жасаған жұмыстарымызды жоққа шығарып отыр. Оның ішінде де, бөлек ауданның кесірі тиген. Аталған мәселе шешілмеген аудандарға сөгіс жарияланады", - дейді басқарма басшысы.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024