Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаңтар айында Қазақстанда ақша көлемі 4,2% азайды

Қаңтар айында Қазақстанда ақша көлемі 4,2% азайды

Алматы. 24 ақпан. 7kun.kz — Қазақстандағы ақша массасы 2017 жылдың қаңтарында 4,2%-ға дейін қысқарып,  19,075 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Айналымдағы қолма-қол ақшаның көлемі қаңтар айында 7,4%-ға, яғни 1,619 трлн теңгеге азайды.

Қаңтарда ақша базасы 9,4 пайызға азайып, 4,679 трлн теңге болды. Тар ақша базасы (Ұлттық банктегі екінші деңгейлі банктердің жедел депозиттерін есептемегенде) есеп беру мерзімі аралығында 12,1%-ға, 4,214 трлн теңгеге дейін қысқарды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2015 жылдың 20 тамызынан бері жаңа ақша-кредиттік саясатқа ауысқан еді. Ол инфляциялық шектеу мен ұлттық валютаның еркін айналымға шығу режиміне негізделген.

Похожие материалы