Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz - Қазақстандық автоқұрастырушы компаниялар 2018 жылды табысты бастады, деп хабарлайды "ҚазАвтоПром".
Қаңтар айында отандық кәсіпорындар 2017 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 3.7 есе көп көлік құрастырған. Сатылым да аз емес. Бір айда 1.3 мың автокөлік сатылған. Бұл былтырғы ұқсас уақытпен салыстырғанда 77.7 % жоғары. Мұндай көрсеткіш нарықта сатылған отандық автокөліктердің үлесін 41.2 %-ға жеткізді.
Қаңтарда көп сатылған LADA болып шықты. Нарықтағы сатылымның 57 % және ТОП-5 кірген көлік маркасының 4 LADA-ға тиеселі: LADA Granta (216 дана), LADA 4×4 (212 дана), LADA Largus (127 дана) және LADA Vesta (110 дана). Бесінші орында Ravon Nexia R3 (88 дана). Айта кетейік, қаңтарда 250 Nexia R3 сатылған. Оның 88 қазақстанда құрастылған, қалғаны өзбекстандық.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024