Ақтау. 31 шілде. 7kun.kz - Бүгін Ақтау порты Еуропаға шығатын алғашқы контейнерлі пойызды қабылдайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің Ақтауда өткен баспасөз мәслихаты барысында порт директоры Михайл Ялбачев мәлім етті, деп жазады BNews.kz.
«Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Грузия, Қытай мемлекеттерінің порт қызметкерлері, теміржолшылары, кеме иелерінің өзара іс-қимылының нәтижесінде біз бүгін Ақтау портында сынақ ретінде бірінші рет Еуропаға жөнелтілетін контейнерлі пойызды қабылдаймыз»,-деді М. Ялбачев.
Осылайша, пойыз Каспий теңізі арқылы Еуропаға жол тартады.
«Қазіргі таңда сонымен қатар Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба аяқталуға жақын. 2015 жылдың соңында немесе 2016 жылдың басында аяқталатын жоба жүк көліктерінің тасымалын 3 млн тоннаға арттырады»,-деп толықтырды ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024