Ақтау. 17 маусым. 7kun.kz - Ақтау әуежайындағы Scat ұшағының өртке орануы салдарынан әуе компаниясының қызметкері - Литва азаматы зардап шекті. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі берген ақпарға сүйенсек, ол қолдың екінші дәрежелі күйігімен жергілікті ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды vlast.kz.
"Атылу салдарынан Scat әуе компаниясының инженері 1968 жылы туылған Литва азаматы Петрик Роберт Робертович зардап шекті. Алдын-ала диагноз - оң қолдың ішкі бүгілісінің бірінші дәрежелі термикалық күюі, жағдайлық невроз", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде зақымданған азамат облыстық аурухананың қабылдау бөлімшесінде.
Мекемедегілер әуе кемесінің алдыңғы бөлігі, ұшқыш кабинасы мен жолаушылар салонының арасы өртенгенін хабарлады. Салон толығымен күйген, сондай-ақ ұшақ басқышының бір бөлігі де жанған. Өрт ауқымы шамамен 80 шаршы метрді қамтыды.
"Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, өртке оттегі баллоны редукторының атылуы себеп болған, сол мезетте бұл баллон кемеге оттегі үрлеп жатқан және салонның оң жағында, алдыңғы бөлігінде болған", - делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астана уақыты бойынша 19:42-де Маңғыстау құтқарушыларының пультіне Ақтау әуежайының тұрағында Scat компаниясының Boeing-737 өртеніп жатыр деген хабар келіп түскен. Өрт өшірілді. Бірақ жарақат алып, зардап шеккендер жоқ деп хабарланған болатын.
Маңғыстау облысының ТЖД мен ІІД қызметкерлері өртке қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024