Ресейдің экономикалық даму министрі Алексей Улюкаевтың сөзінше, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінде әлі шешілмеген мәселелер бар. Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап LS хабарлайды.
"Бұл жерде белгілі бір проблемалар туындауы мүмкін. Олар Қазақстанның ДСҰ-ға кіру шарты аясында тарифтік қорғау бойынша көптеген позицияларының төмендеу мүмкіндігімен байланысты. Еуразиялық экономикалық одақтағы кедендік тарифтен де төмен",- деп түсіндірді Улюкаев. Сұхбат кезінде негізгі екі проблеманы атап өтті. Біріншісі - қазақстандық әріптестермен бірге кедендік әкімшіліктің жұмысындағы техникалық проблемалар. Олар Ресейдің ДСҰ-ға кірген кездегі сауда шарттарын бұзбастан өзге елдерге біздің нарығымызға өтуге кедергі келтіреді. Екіншісі - ДСҰ-дағы келісім бойынша тарифтерге өзгеріс енгізу. 3 жылдық келісімнің аясында елдің тарифтерге түзету енгізуді сұрауға құқығы бар. Ресей экономикалық даму ведомствосының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның ДСҰ талаптарын орындауы кезінде ЕАЭО-ның ішінде нақтылап алу қажетті бірнеше мәселе бар. Олар Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуындағы тарифті шарттарға байланысты. ЕАЭО-ны кедендік тарифі негізінен ресейлік шарттарға қатысты құрылған. Сондай-ақ, әкімшілік механизмдерін де келісіп алу керек. "Біз бұл сұрақтарды шешу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құрдық. Енді оларды Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында талқылауды жоспарлап отырмыз", - деп түсіндірді министрлік өкілі.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024