Экономика
Авто
Ақышев бастаған Ұлттық банк делегациясы Вашингтонға сапар жасады
Алматы. 23 сәуір. 7kun.kz - 20 – 21 сәуір аралығында Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік Банк Тобының Басқарушылар Кеңесінің Көктемгі кездесулеріне қатысу үшін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев бастаған Ұлттық банк делегациясы Вашингтон қаласына сапары жасады.
Сапар шеңберінде Ұлттық банк төрағасы Ақышевтың ХВҚ Басқарушы Директорының Орынбасары Тао Чжанмен, ХВҚ Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаментінің директоры Джихад Азурмен, сондай-ақ құрамына Қазақстан Республикасы кіретін ХВҚ Кіші тобының Атқарушы директоры Мирослав Панекпен кездесулері өтті.
Аталған кездесулер барысында тараптар ынтымақтастықтың жалпы мәселелерін талқылады, қаржы нарықтарындағы ағымдағы жағдай туралы пікір алмасты, сондай-ақ 2018 жылғы 16 мамырда Астана қаласында Он бірінші Астана Экономикалық Форумы қарсаңында өтетін Кавказ және Орталық Азия елдері үшін ХВҚ Өңірлік конференциясын өткізуді талқылады.
Сонымен қатар Ұлттық банктің делегациясы ХВҚ Халықаралық валюталық және қаржылық комитетінің Жалпы отырысына, Кавказ және Орталық Азия елдерінің қаржы министрлері мен орталық банктері басқарушыларының Дәстүрлі кездесуіне, «Өңірлік экономиканың даму перспективалары: Таяу Шығыс және Орталық Азия» ХВҚ көктемгі бюллетенін таныстыруға қатысты.
16 мамырда Астанада Он бірінші Астана Экономикалық Форумы өтеді.