Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz - Бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысынан кейін ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев БАҚ өкілдеріне Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры төңірегіндегі даулы мәселенің басын ашып беруге уәде етті. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
«Ертең Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, барлық сауалдарға жауап беретін боламыз. Бұл ақпарат бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Үкімет, Премьер-Министр, Мемлекет басшысы ақпараттандырылуы тиіс. Содан кейін шешім қабылданған соң Ұлттық банк ол ақпаратты ұсынатын болады», - деді Данияр Ақышев.
Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін тілшілер сауалына жауап беру барысында депутат Омархан Өксікбаев әзербайжандық проблемалық банкке БЖЗҚ инвестициясының бағытталуы туралы ақпаратқа өз пікірін білдірген болатын. «Менің ойымша, осы қаржыны бөлген қордың менеджменті барлық тәуекелдерді ескермеді, осы орайда тереңірек зерттеп алған жөн болар еді. Есептеудің қандай параметрлері назарға алынғанын қазір айта алмаймын. Әрине, егер де олар қандай да бір сақтандыру мәселелерімен қамтылмаса, онда бұл қаржы жоғалды деп айтуға болады. Бұл өз кезегінде біздің қорымызға тікелей залал келтіреді», - деді О. Өксікбаев.
Еске салсақ, белгілі сарапшы Рахым Ошақбаев БЖЗҚ-ның 71,3 млрд. теңге активі Әзербайжанның проблемалық Халықаралық банкі облигацияларына салынғаны туралы хабарлаған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024