Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақышев: Зейнетақы қорының салымшыларына таңдау еркін береміз

Ақышев: Зейнетақы қорының салымшыларына таңдау еркін береміз

Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz – Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарылуындағы кемшіліктерді жоюға уәде берді.

Орталық банк төрағасы: «БЖЗҚ-ның жұмысындағы олқылықтарды реттеп, ішкі бақылау мен ақшаны жарату жүйелерін барынша қатаңдатамыз. Бірақ ең маңызды мәселені шешу керек. Неге халық жинақтаушы зейнетақы қорына сенімсіздікпен қарайды?», -  деп сұрақ тастады.

Ол зейнетақы активтерін басқару институттары мен  инвестициялау моделін таңдаған әсер ететін бәсекелестік қағидаларын қалпына келтіру керек деп есептейтінін жеткізді.

«Қазір салымшыларда таңдау жоқ. Зейнетақы жинақтары бірден БЖЗҚ-ға бағытталады, олар не қаржыларын басқаратын ұйымды, не инвестициялық стратегиясын таңдай алмайды. Салымшылардың орнына барлық шешімді мемлекет қабылдап, барлық тәуекелді өз мойнына алады. Міне, сондықтан біз президенттің ұсынысымен зейнетақы активтерін жекеменшік я шетелдік компанияларға табыстау жобасын іске асырғалы жатырмыз», - деді ол.

Ұлттық банк төрағасы сөзін аяқтай келе өзін зейнетақы активтері нарығындағы бәсекелестік және салымшыға таңдау еркін беру идеясын жақтайтындардың қатарында екенін айтты.

Похожие материалы