Алматыда "Адем сауда орталығы" өртеніп кетті. Жалпы алғанда 25 мың шаршы метр аумақ отқа оранған. Бұл туралы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар бойынша департаменті (ТЖД) хабарлады.
Кейбір ақпараттар бойынша, өрт жексенбі, 26 сәуір күні кешкі сағат тоғыздар шамасында басталған. Сағат 22:24-те оқиға туралы ақпарат ТЖД-ға келіп түседі, 22:30-да алғашқы өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері орталыққа келіп жетеді. Дүйсенбі күні, 27 сәуірде сағат 06:30-дарда өрт сөндірілді.
Оқиға орнында 536 адам, 100-ден астам техника, 200 әскери қызметкер, 2 су тасушы көлік жұмылдырылған.
Өрт себебі мен келтірілген шығын қазір анықталуда. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Тэги:
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





