"Адем" сауда үйінің әкімшілігі зардап шеккен кәсіпкерлерге мамыр айындағы жалға алу төлемін қайтарып береді. Бұл туралы орталық басшылығымен кездескеннен кейін зардап шегушілердің өздері мәлімдеді деп хабарлайды 31 арна.
Ақшаны қайтару сауда үйін қайта электрмен қамтамасыз етуді аяқтағаннан кейін басталады. Кімге қанша төлеу керектігі әкімшіліктің компьютерлеріннде сақтаулы. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің хабарлауынша, оларға "Адемнің" бүтін қалған корпустарынан бос орындар тауып беруге уәде берген. Орталықты коммуникацияға қосқаннан кейін олар саудаларына қайта кірісе бастайды. 31-арнаның мәлімдеуінше, өрт бірнеше мың кәсіпкерлердің дүкендерін құртып жіберді, енді барлығына қаншалықты орын жететіндігі әзірге белгісіз. Сауда үйінің аймағы мен автотұрақ аумағында қосымша шатырлар тігілуі мүмкін.
"Өрт тигізген барлық шығынды қайтаруға уәде берді. Заң аясында құжат күйінде рәсімдемек", -дейді өрттен зардап шеккен кәсіпкердің бірі Татьяна Котлярова.
Еске салайық, 26 сәуірден 27-не қараған түні "Адем" сауда үйі өртеніп кетті. Кейбір ақпараттар бойынша, өрт жексенбі күні кешкі сағат тоғыздар шамасында басталған. Таңғы сағат 05:19-да от жартылай сөндірілді, алдын-ала болжаммен өрт аумағы 25 мың шаршы метрді құрайды. Алматы қаласындағы төтенше жағдайлар бойынша департаменттің мәлімдеуінше, сауда үйінде өрт қауіпсіздігінің талаптары сақталмаған.Кейінірек орталық басшылығына хабарласқанда "Адем" сауда үйіне АТФ-банктің қатысуы болуы мүмкін екендігі де анықталды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024