Adidas компаниясы (Германия) 3D-басылымымен айналысатын Materialise фирмасымен бірлесіп спорттық аяқ киім шығарды. Бұл туралы pronedra.ru жазды.
Екі компания мамандары бірлесе жасаған 3D-спорттық аяқ киімнің табаны икемді, ал материалы торлы болғандықтан ауа өткізіп тұрады. Сонымен қатар аяқ киімді табан өзгешеліктеріне қарай әрбір адамға жеке жасап шығуға болады. Мамандардың идеясы бойынша тапсырыс беруші арнайы дүкенге келіп, жүгіретін жолмен жалаңаяқ жүгіруі тиіс. Клиент жүгіріп жатқанда, 3D-сканерлеу камералары оның аяқ үлгісін түсіріп алып, ал жүгіретін жолдағы тетіктер табанға түсетін қысым нүктелерін анықтайды. Осылайша табан үлгісі құрылады. Үлгіге қарай аяқ киімнің табаны жасалып, тек тиісті үстінгі бөлігін қосу ғана қалады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024