Алматы. 28 қараша. 7kun.kz — Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосымша 157,1 млрд теңге бөлінуі мүмкін.
Тиісті түзетулер Ауыл шаруашылығы министрлігінің талқылауына енгізілді. Құжатқа сәйкес, 2017-2021 жылдары мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген жалпы шығыстар 2,9 трлн теңгені құрайды (республикалық бюджеттен – шамамен 1,9 трлн теңге, жергілікті бюджеттен – 769 млрд теңге, басқа көздерден – 266,3 млрд теңге).
Осылайша, 2020 жылы мемлекеттік бағдарламаға 738,4 млрд теңге (78,1 млрд теңгеге артық), оның ішінде республикалық бюджеттен – 501,4 млрд теңге (78,1 млрд теңгеге артық), жергілікті бюджеттен – 160,5 млрд теңге, ал басқа көздерден – 76,5 млрд теңге жұмсалады.
Ал 2021 жылы АӨК – ні дамытуға 858,5 млрд теңге (78,9 млрд теңгеге артық), , оның ішінде республикалық бюджеттен – 610 млрд теңге (78,1 млрд теңгеге артық), ал жергілікті бюджеттен - 161,3 млрд теңге (804 млн теңгеге артық) бөлінеді. Басқа көздер бағдарламаны 87,1 млрд теңгеге қаржыландырады.