Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ағымдағы жылдың 3 айында 39 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды

Ағымдағы жылдың 3 айында 39 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды

2022 жылдың 1 тоқсанындағы республикалық бюджеттің кірістер бойынша жоспары 17 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар – 5 млрд теңгеге артығымен орындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Cалықтар бойынша асыра орындаудың негізгі сомасы корпоративтік табыс салығы, шикі мұнайға арналған экспорттық кедендік баж салығы, Ойын бизнесіне салынатын салық және пайдалы қазбаларды өндіру салығына тиесілі.

Жер қойнауын пайдаланушыларды салықтық әкімшілендіру нәтижелері бойынша бюджетке қосымша 288 млрд.теңге түсті, оның ішінде тексеру актілерінің нәтижелері бойынша қоса есептелген сомаларды өндіріп алу есебінен шамамен 29 млрд. теңге.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 99%-ға, Республикалық бюджеттің шығыстары 99,5%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,8%-ға орындалды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 3 айында камералдық бақылаумен 186 мыңға жуық мемлекеттік сатып алу рәсімдері қамтылып, 500-ден астам аудиторлық іс-шаралар өткізілді. Тексеру қорытындысы бойынша 39 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері тауарларды жеткізуді қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 33 млрд теңгеге бұзушылықтарды жойды.

Похожие материалы