Астана. 1 маусым. 7kun.kz - 2017 жылдың соңында «Астана» Халықаралық Қаржы орталығы (АХҚО) мен Nasdaq Inc АХҚО Қор биржасын бірлесіп дамыту жөніндегі бірлескен келісімге қол қойды. Бұл туралы АХҚО баспасөз қызметі хабарлады.
Алдымен АХҚО Қор биржасында белгіленген мөлшердегі табысқа ие акциялармен және активтердің өзге кластарымен сауда жасалынады.
Келісім аясында берілген ақпараттарды сұрыптайтын Nasdaq Matching Engine жүйесі пайдаланылады. Ресми түрде іске кіріскенге дейін бұл технология тестілеу мен тексеруден өтеді.
Nasdaq Matching Engine – бұл ақпараттарды сұрыптайтын ең жиі кездесетін жүйе, бизнес үшін тиімділігі және өндірістік қуаты жоғары.
Nasdaq АХҚО Биржасының іске кіріскеннен кейінгі кезеңінде де технологиялық көмек көрсететін болады.
«Nasdaq Matching Engine қауіпсіздік және атқаратын қызмет тұрғысынан әлемдегі ең мықты сауда алаңы болып есептелінеді. АХҚО елдегі биржа инфрақұрылымын Nasdaq-пен бірге құруы АХҚО үшін маңызды», - деп атап өтті АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов.
Nasdaq-тің атқарушы вице-президенті, нарықтық технология бойынша басшысы Ларс Оттерсгардтің атуынша, Nasdaq үшін Қазақстан және онымен байланысты халықаралық нарықтарға АХҚО-ның биржалық инфрақұрылым құруында өз әсерін тигізу үлкен мәртебе.
«Nasdaq-тің қаржылық алаңқайын пайдалану арқылы АХҚО биржасы аса шұғыл дамып жатқан халықаралық нарықтағы өз бәсекеге қабілеттілігін арттыруда операцияларын стандарттап, бірізді жасауға әсер ететін инновациялық технологиялар бойынша жұмыс істейді. Біз АХҚО-мен ынтымақтаса жұмыс істеуге және осы жаңа бағытта көмек беруге әзірміз»,-дейді ол.
Айта кетейік, Nasdaq биржалық технологиялары - сауда, клиринг, құнды қағаздардың орталық депозитариі (CSD) мен нарыққа мониторинг жасайтын және өзге де жүйелерді қамтидыү Бұл технология қазіргі уақытта Америка, Еуропа, Азия, Австралия, Африка, Таяу Шығыс пен Кариб бассейні елдеріндегі 90 нарықта қолданылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024