"АИ-95 бағасын қадағаламаймыз, бұл байларға арналған бензин" – вице-министр
Нұр-Сұлтан. 9 маусым. 7kun.kz – ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов АИ-95 бензинінің қымбаттауы мүмкін деген мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды 7kun.kz.
1 шілдеден бастап шекті бағалар туралы бұйрықтың күші аяқталады, ал Энергетика министрлігінде жанармай бағасы «еркін» жіберіле ме, әлде шекті бағалар қолданыла ма деген нақты шешім жоқ.
«Бағаның айтарлықтай қымбаттауы күтілмейді, бағаның күрт өзгеруіне жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдаймыз. Сұйытылған газ аздап қымбаттайды, бұл туралы тиісті бұйрық жарияланды. АИ-93 бойынша көтерілмейді деп естідім. АИ-95 маркалы бензинді министрлік реттемейді, ол байларға арналған бензин», – деді вице-министр.
Нұрмағанбетовтың айтуынша, бүкіл әлемде мұнай мен газ қымбаттауда, бірақ халықтың сатып алу қабілеті салыстырмалы түрде төмен болғандықтан Қазақстан мемлекеті жанар-жағармай бағасын ерекше бақылауға алған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024