Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Айбек Паяевтың депутаттық өкілеттілігі тоқтатылды

Айбек Паяевтың депутаттық өкілеттілігі тоқтатылды

Астана. 26 қазан. 7kun.kz – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айбек Паяевтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Өкілеттілігіні тоқтату туралы өтінішті Айбек Паяевтың өзі берген.

«Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Конституциясының 52-бабына, Конституциялық заңның 24-бабының 3 және 8-тармақтарына сәйкес және өтініш негізінде Мәжіліс депутаты Айбек Минаимбекұлы Паяевтің өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізеді», – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.

Депутаттар ұсынысты қолдап, тиісті қаулыны қабылдады.

Айта кетейік, Айбек Паяев 2021 жылдың қаңтарынан бастап VІІ шақырылымның  Мәжіліс депутаты болып сайланған еді.

Похожие материалы