Нұр-Сұлтан. 14 маусым. 7kun.kz – Мәжіліс депутаты Айдос Сарым саясаттанушы Досым Сәтбаевтың басты кемшілігін айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Досым, сен жігітсің бе? Сіз одан талап етуіңіз керек. Досым, сынайсың – жақсы. Солармен екі күн отырып, құжат әзірле. Сонда сен жігіт боласың. Ал қазір сен балаболсың», – деді Сарым.
Айдос Сарым саясаттанушыға осылай қысым жасау керек, дейді.
«Ғаламторға пост жазып, ұпай жинайтындардың уақыты өтіп кетті. Біз өзімізге ұнайтын қайраткерлермізді, енді қоғам мақсаттары үшін жұмыс істеуге мәжбүрлеуіміз керек. Бір айтқан соң, істе», – деді ол.
Сөзінің соңында депутат Сәтбаевты сайлауға қатысып, өзін көрсетуге шақырды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024