Алматы. 12 наурыз. 7kun.kz - Қазақстандық Air Astana әуе компаниясының паркі екінші Embraer 190-E2 әуе лайнерімен толықты, деп хабарлады азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, Embraer 190-Е2 әуе кемесі Бразилиядағы өндіруші зауыттан тікелей келген. Бұл AerCap компаниясының операциялық лизингіне тапсырыс берген бес әуе лайнерінің бірі. Қалған ұшақтарды жеткізу 2019 жыл ішінде жоспарланған.
"Бұл шу деңгейі төмен және техникалық сипаттамалары жақсартылған әлемдегі ең үнемді ұшақтардың бірі", - делінген хабарламада.
Жоспарға сәйкес екінші Embraer 190-E2 лайнері 31 наурызда Алматы-Орал-Алматы бағыты бойынша алғаш рет коммерциялық түрде ұшырылады. Әуе лайнері Қазақстан бойынша, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия, Украина қалалары мен Қытайдағы Үрімші қаласына ұшады.
Еске сала кетейік, бірінші E2 әуе лайнері 2018 жылдың желтоқсанында алынды. Жаңа әуе лайнерлері 2011 жылдан бастап Қазақстанда пайдаланылатын Embraer 190 алдыңғы моделінің ұшақтарын ауыстыруға арналған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024