Ұлттық әуе тасымалдаушы Air Astana Skytrax зерттеу компаниясы жариялаған әлемнің үздік әуе компанияларының рейтингінде 40 орын алды.
2014 жылы Air Astana рейтингте 41 орында болған-тын, 2013 жылы - 42, 2012 жылы -53. Рейтинг әлемнің 100 әуе компаниясынан тұрады. Бірінші ондықтағы қатысушылардың көбісі Азия және араб елдерінің әуе компаниялары. Осылайша, бірінші орынды Катардың Qatar Airways компаниясы иеленді, екінші орында – Singapore Airlines, үшінші орында – Гонконгтың Cathay Pacific Airways әуе тасымалдаушысы. Air Astana-дан басқа, ТМД елдері әуе компанияларының ішінде рейтингте ресейлік әуе компаниялар - Аэрофлот (46 орын) және Трансаэро (68 орын). Қазақстанға қатынайтын әуе компаниялары да рейтингте жоғарғы орындарда – Turkish Airlines – 4 орын, Etihad Airways – 6 орын, Asiana Airlines – 11 орын, Lufthansa – 12 орын, Австрия әуе желісі – 13 орын, KLM – 28 орын.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024