
Air Astana әуекомпаниясы Ресейге ұшатын барлық рейстерді тоқтатты. Бұл туралы «Air Astana» әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Air Astana» Ресей Федерациясына/бұдан әрі және оның аумағына коммерциялық рейстерді сақтандырудың тоқтатылуына байланысты осы бағыттағы барлық рейстердің тоқтатылатынын өкінішпен хабарлайды», - делінген әуекомпания хабарламасында.
Әуекомпания рейстерді жылдам қалпына келтіру үшін үкіметпен осы мәселелерді шешу жұмыстарын жүргізуде.