Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Air Astana Түркиядан 431 қазақстандықты елге алып келді

Air Astana Түркиядан 431 қазақстандықты елге алып келді

Қазіргі кезде "Air Astana" әуе компаниясы Анталиядан Астана мен Алматыға 4 рейсті орындады, елге 431 жолаушыны алып келді деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"Эйр Астана" әуе компаниясының берген ақпаратына сүйенсек, 19 маусымға дейін тағы 7 чартерлік рейс орындалып, шамамен 800 жолаушы елге қайтарылады. Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясы Түркиядан бұрынғы әуе жолдамаларымен қайта алмай қалған туристерді елге алып келуге дайын екендігі туралы мәлімдеген болатын. Айта кетелік, 3 мамыр күні түнгі 2-3 аралығында Travelsystem компаниясының ресми сайтында қызметтің тоқтатылуы туралы хабарлама пайда болды. Travelsystem директорын ІІД және Бас прокуратура іздеп жатыр.
Бұған дейін жазғанымыздай, Travelsystem әрекеттері 8 млн доллар сомасына залал келтірген және агенттік 2 мың бос жолдама сатып үлгерген екен. Осы компанияға қатысты жағдайды шешу үшін арнайы оперативтік штаб құрылды.

Похожие материалы