Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz – Airbus компаниясы тек бір бағытта бұрылыссыз ұшып, дұрыс қона білетін, толығымен электрлі ұшу апаратынан құралған Vahana прототипінің алғашқы сынағын сәтті өткізді. Болашақта аппарат пилотсыз әуе таксиі ретінде пайдаланылатын болады. Бұл туралы Hi-news.ru хабарлады.
Алғашқы ұшу төмен биіктікте, әрі көп уақытқа созылмады. Ұшу құралы 5 метр биіктікке көтеріліп, әуеде 53 секунд тұрақтап, аяғында жерге сәтті қонды.
Alpha One атты ұшу құрылғысын сынақтан 2017 жылдың аяғына дейін өткізу жоспарланған болатын. Құрылғы жақында ғана Калифорниядан Орегонадағы жаңа сынақ полигонына жеткізілді. Құрылғыны әзірлеушілердің айтуынша, қызметіне дайын ұшатын такси 2020 жылға қарай таныстырылады. Әуе таксиінің ұзындығы 6,2 метр, ені 5,7 метр, биіктігі 2,8 метрді құрайды. Құрылғының максималды ұшу салмағы 745 кг.
«Екі жыл ішінде Vahana жай ғана қағаз үлгісінен улкен ауқымды ұшаққа айналды», - дейді компанияның әзірлеушісі Зак Лаверинг.
Сондай-ақ, Vahana-ны құрушылар VTOL таксиден басқа жүк көлігі, жедел жәрдем көлігі мен өзге де жәрдем көрсеткіш құралы болып та қызмет атқара алатынын айтады.
Airbus ендігі жоспар бойынша істейтін шаруа, құрылғыны түрлі бағыттар бойынша қозғала алатындай етіп дайындау екенін айтып өтті.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024