Еуропаның Airbus Group SE ұшақ шығарушы концерні Ле Буржедегі әуе салонында тапсырыстар көлемі бойынша бас бәсекелесі Boeing Co. компаниясын басып озды. Еуропалық ұшақ құрастырушы Wizz Air әуе тасымалдаушысына 110 лайнерді жеткізуге қатысты шарт жасасты деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Венгриялық лоукостер Airbus компаниясына аэродинамикасы жақсартылған, қозғалтқышы үнемдірек A321neo үлгісіндегі қысқа фюзеляжды ұшақтарына тапсырыс берді. Тапсырыстың жалпы каталогтық құны - 12,5 млрд доллар. Шарт осы үлгідегі тағы 90 ұшақты алуға қатысты опционды қамтитыны айтылады. Жалпы алғанда 16 маусымда басталып, 21 маусым күні аяқталатын авиасалонда Airbus жалпы құны 57 млрд доллар болатын 421 ұшақты жеткізуге тапсырыс алған, ал Boeing 50,2 млрд доллар сомасына 331 ұшаққа шарт жасасқан.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024