Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Айырбастау пункттерінде доллар 394.5 теңгеден сатылуда

Айырбастау пункттерінде доллар 394.5 теңгеден сатылуда

Бүгін доллар бағамы төмендеп, айырбастау пункттерінде 394.5 теңгеден сатылуда. Алматылық айырбастау пункттерінің бірқатарында сатылым тоқтаған. 

Айта кетейік, бүгін таңертең Алматы мен Нұр-Сұлтанның айырбастау пункттерінде доллар бағамы 400 теңгеге жеткен еді.

Қазір kurs.kz мәліметтері бойынша сату ең төменгісі 390, сатып алу ең жоғарғысы 394.5 теңгеден. Орташа бағам 393.08.

Бүгін мұнайдың әлемдік бағасы 30% түсті. Мәселен, Нұр-сұлтан уақытымен 10.40-тағы мәлімет бойынша Brent 28,69%, WTI 31,35% құлдырады. Мұндай төмендеу соңғы рет 2016 жылдың соңында болған еді. Мұнай бағасының құлдырауы дамушы нарықтарға бірден әсер етті. Әлемдік БАҚ мұнай бағасының құлдырауы тек басталуы екенін екенін жазуда.

Қазақстандық сарапшылар болса бүгінгі доллар курсының өсуі уақытша дүргіліс екенін жазып, сабыр сақтау керегін айтуда.  Tengenomika тelegram-каналы бүгін Қазақстандық қор биржасында демалыс, сондықтан мәселенің қалай өрбитінін ертең, қор биржасындағы сауда-саттық басталғанда байқау керегін жазды. Каналдың пікірінше Ұлттық банктің бағамды реттеуге қауқары жетеді. Сондықтан, долларды ауыстыруға асықпаған дұрыс.

Алайда ертеңге жетпей-ақ, доллар бағамының түскенін байқауға болады.

Похожие материалы