Астана. 30 желтоқсан. 7kun.kz - Бүгін ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ұжымға жаңа вице-министр Айбатыр Жұмағұловты таныстырды, деп хабарлайды ведомоствоның баспасөз қызметі.
«Үкімет қаулысымен Айбатыр Нышанбайұлы Жұмағұлов ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды», -деп мәлім етті Сүлейменов.
Айбатыр Жұмағұлов 2013 жылғы қазаннан бері «Қазақстан Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған. 1997 жылы Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітіріп, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясынан экономика магистрі дәрежесін алып шыққан.
Банктік саладағы еңбек жолын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Зерттеулер және статистика департаментінің бас сарапшысы қызметінен бастаған.
Кейінгі жылдары «Банк Центр Кредит» АҚ Қазынашылық департаментінің директоры және «BCC-Invest» АҚ («Банк Центр Кредит» ААҚ Еншілес инвестициялық бөлімшесі) Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді, онда банктің қорларын және капиталын басқаруға, қазынашылық блогына және саудалық операцияларға жетекшілік етті.
Кейіннен, банктік және инвестициялық салалардағы жұмыстардан басқа, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде Базалық салалар департаментінің директоры лауазымында еңбек етті, сондай-ақ «Baur Kazakhstan» компаниялар тобында Директорлар кеңесінің мүшесі болды.
«Қазақстан Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ Басқармасының Төрағасы болып тағайындалғанға дейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директорының лауазымында қызмет етті.
Жұмағұлов А.Н. «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесін басқарды және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Ипотекалық кредиттерді кепілдендірудің қазақстандық қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңестерінің құрамына болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024