2ГИС – 1999 жылдан бері қала карталарының анықтамасын шығарумен айналысатын халықаралық картографиялық компания. Бас кеңсесі Новосибирскте орналасқан. Компания Ресей, Қазақстан, Италия, Чехия, Чили, БАӘ, Қырғыз Республикасы, Кипр мен Украина секілді елдердің бірнеше қаласына электронды анықтама жасаған.
Қалай пайда болды?
Жоба Новосибирсктегі "Техноград плюс" компаниясында дүниеге келген. Алғашында жергілікті компанияға географиялық информациялық жүйе (ГИЖ) жасап берумен айналысты. "Технокрад плюс" компаниясы жалпы нарықта Новосибирск қаласының картасы бар дискілер сатумен айналысқан. 1998 жылы, дағдарыстан кейін, компанияның көптеген тұтынушылары "Техноград плюстың" қымбаттау жұмысын аса маңызды емес деп, тапсырыс беруден бас тартты. Одан бөлек, бұрындары шығарып келген дискілер заңсыз көшіріліп, тарап кетті де, оны сатудың еш мәні қалмады. Сондықтан компания жаңа тұтынушылар мен ГИЖ-ді пайдаланудың басқа да әдістерін іздей бастады. Осылайша ГИЖ-дің кәсіби нұсқасы ретінде қолдануға болатын тегін өнім жасау шешімі қабылданады. Бұған дейін компания қаладағы құрылыс фирмаларын көрсететін «Стройка» газеті үшін қосымша шығарған еді. Соның тәжірибесін ескеріп, компания "қала картасы жинақталған электронды анықтама жұмыс берушілерді қызықтырады" деген қортындығы келді. Компанияның бас директоры Александр Сысоев бұл жобаны «таралымы – тегін, табысы жарнамадан» деп сипаттап таныстырды. Өнім орыс тілінен «ГеоИнформационная Система» және «Городской Информационный Справочники» деген сөздерінің бас әріптерін алып «ДубльГИС» деп аталды.Алғашқы жылдар
ДубльГИС алғаш рет 1999 жылы 25 сәуірде шықты. 2001 жылдың көктемінде "ДубльГИС 2.0" интерфейсі жасалды, кейіннен www.2gis.ru сайты ашылды. Алғашқыда компания түрлі ұйымдармен серіктестік орнатуға тырысады. Ақпараттар базасын сатып алып, жарнама агенттіктерімен сөйлесіп, айдарлар жасау үшін арнайы мамандар шақырды. Бірақ бұл тиімсіз болды. Сондықтан компания бизнесс процесте қажеттілік туған қызметтерге бөлімдерді өз ішінен ашуға шешім қабылдады. Содан бастап 2001 жылы ақпараттық пен сауда-саттық бөлімдері құрыла бастады. 2002 жылы алғаш рет "ДубльГИС" қосымшасы дискілерде Новосибирскінің 15 мың кеңсесіне тегін жеткізілді.Дамуы
2004 жылы жоба жеке бизнес бірлестік – "ДубльГИС" ЖОО болып бөлініп шықты. Тап сол жылы "ДубльГИС" ЖШС-нің Омскіде алғашқы филиалы ашылып, компания Томск, Барнауыл, Новокузнецк қалаларымен коммерциялық келісімге отырды. Осылайша ДубльГИС Ресей қалаларын "жаулап" ала бастады. 2006 жылы электронды анықтаманың онлайн және Windows Mobile базасында жеке ұялы телефон үшін нұсқалары шықты. Новосибирскіде ДубльГИС атқарушы компания мен жарнамамен жұмыс жасайтын филиал болып бөлінді. 2007 жылы MS Office 2007 стиліндегі интерфейспен ДубльГИС 3.0 қосымшасының жаңа нұсқасы шықты. 2011 жылы компания ребрендинг жасап, өнім атауы 2ГИС (ЕкіГИС) болып өзгереді. 12 жыл өткен соң 2ГИС Ресейдің астанасы Мәскеуге жетіп, астананың картасын жасап шығарды. 2012 жылы 2ГИС Италияның Венеция мен Падуе қалаларында шығады. Бұл ТМД шеңберінен шыққан алғашқы қадам болатын. 2013 жылы 2ГИС қайта жаңарып, қосымша Чехия мен Кипрде де пайда болады.2ГИС ақпараттары
Компания ақпараттардың 95 пайызы міндетті түрде сәйкес келу деген қағидамен жұмыс істейтінін айтады. Анықтамадағы көрсеткіштері, жергілікті карталар мен байланысу орталықтарының жауапкершілігі ГИС-мамандарының мойнында. Анықтамада әрбір ұйымның мекен-жайы, телефоны, жұмыс уақыты, интернеттегі мекен-жайы, ғимаратқа кіретін тұсы көрсетіледі. Одан бөлек, компанияның арнайы "визиткасында" көрсетілетін қызметтер түрі мен төлем жасау әдістері және тағы басқа функциялар бар. Байланыс орталығының мамандары анықтамалықтағы ақпаратты жылына төрт рет жаңарып отырады. "2ГИС карталары территорияны спутникпен түсіру арқылы суреттейді. Ал үш өлшемді ғимараттар бірнеше ракустан алынатын суреттердің көмегімен жасалады. 2014 жылы "2ГИС" қосымшасында сауда орталықтарының ішкі құрылымы толық көрсетіліп тұра "Қабаттар" бөлімі пайда болды. Әзірге бұл жүйеде Мәскеудің алты сауда орталығы ғана сипатталған. Ал елімізде электронды карта өз жұмысын 2012 жылдың көктемінен Алматы қаласының анықтамалығын жасаумен бастады. 2013 жылы Қарағанды қаласы тізімге қосылды. Бүгінде бұл қосымшада Өскемен, Павлодар, Астанадан бөлек, әлемнің екі жүзге жуық қалаларының картасымен жол таба аласыз.Аян ҚАЛМҰРАТ, "7"