Алматы. 7 сәуір. 7kun.kz - Almagest компанисының негізін қалаушы Айдархан Құсайынов Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің кеңесшісі болып тағайындалды.
Құсайынов Айдархан Маратұлы - физик, инженер. М.В.Ломоносов атындағы ММУ-ін, Атырау мұнай мен газ институтын аяқтаған. КИМЭП университетінің экономика магистрі.
1994-1998 кеңес беру саласында істеген, ҚР Үкіметінің консультанты болған.
1998-2001 жылдар арасында мұнай компанияларында басшылық қызметте - департамент директоры, атқарушы директор, вице-президент болған.
2001-2003 жылдары Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде газ өнеркәсібі департаментінің директоры болып қызмет етті.
2004 жылы басқару және стратегия жөнінде консультатвитік кеңес беретін Almagest компаниясын құру арқылы кеңес беру бизнесіне қайта оралды.
2014-2015 жылдары "Алматы даму орталығы" АҚ концессиялық жобалармен жұмыс жасайтын топтың жетекшісі болды.
"Қазақстан экономикасы. Аңыз бен шындық. Жаңа экономикалық саясат пен ұлттық идея" атты кітаптың және бірнеше қаржы, экономика, ақпараттық саясат тықырыптарындағы ғылыми мақалалардың аворы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024