Ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин ұжымға компанияның жаңа вице-президентін таныстырды. Айдын Айымбетовті "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ ғарыш жүйелерін жасау және қолданысқа беру жөніндегі вице-президенті етіп тағайындау туралы бұйрыққа 2016 жылдың 5 қаңтарында қол қойылды.
Айдын Айымбетов компания жетекшісімен бірге барлық бөлімшенің қызметімен танысып, жиналыс өтті.
"Компания Жерді қашықтықта зондтау ғарыш жүйесін және жоғары дәлдікті жерсеріктік навигация жүйесін қолданысқа енгізумен айналысады. Компаниямыздың осы маңызды бағыттағы жұмысын біліктілігіңізбен атқаратыныңызға сенемін", - деді М.Нұрғожин.
"Қазір "Қазғарыш" басшылығы маған ғарыштың жаңа технологияларына, қазақстандық ғарыш жүйесінің дамуына байланысты өте маңызды жұмысты тапсырып отыр, мен бұл тапсырманы орындаймын", - деді Айымбетов.
Айта кетейік, 2 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 10.38-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-ФГ" тасымалдаушы зымыраны"Союз ТМА-18М" ғарыш кемесімен және жаңа экипаж мүшелерімен ұшты. Экипажда қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсон болды.
Фото: ria.ru
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024