Алматы. 17 шілде. 7kun.kz - Алматы тұрғыны Ақмарал Жақсылықова ауырған қызына ота жасатуға жиналған қаражатты "Қайырымды жандар" қайырымдылық қорына әлі қайтармаған. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады
2017 жылдың 20 маусымында Ақмарал Жақсылықова соттың шешіміне апелляциялық шағым түсірген. Сот тыңдауы келесі екі айда өтеді.
"Бұл қаражат менің қызыма жиналды, халықтың ақшасы бұл. Бұл қаражат Мәуленге ("Қайырымды жандар" еріктілер қозғалысының көшбасшшылы) ешқашан қайтарылмайды. Менің қызым Жанель Ақсайдағы ауруханада жатыр, ақша соның еміне жұмсалып жатыр. Қаншама сараптама жасатамыз, отадан кейін көп ақша қажет. Ол айығып кете ме, жоқ па - бір Аллаға аян. Оған өмір бойына ем қажет. Ал Мәуленді менің қызымның өмірі қызықтырмайды да, бірде-бір рет сұраған жоқ. Ол осы ақшаны қайтарып алуды ғана көксейді. Соттардың бәрі мұндай деп ойламаймын, сол үшін апелляцияда әділ шешім шығарады деп үміттенемін. Біз ұтпасақ, Жоғарғы сотқа барамыз", - деді Ақмарал Жақсылықова.
Ал қайырымдылық қорының мүддесін қорғайтын заңгер Жанна Шапатова апелляциялық сотта жаңа деректерді дәлелдегісі келеді. Ол Жақсылықованың есепшотына қаражат түскеннен кейін пәтер сатып алғанын дәлелдейтін құжаттарды тапқанын айтып отыр.
"Таяуда Әділет департаменті оның қайдан және қалай пәтер сатып алғаны жайлы жауап береді. Яғни өткен жылдың 30 қарашасында оған қайырымдылық қорынан ақша түсті. 20 желтоқсанда ол пәтер сатып алған. Департаменттегілер сату-сатып алу дерегін растап берді. Қызының еміне ақшасы болмаса пәтерді қалай сатып алған? Қазір ол ерікті түрде қаражатты қайтарғысы келмей отыр", - деді заңгер.
Еске салсақ, бұған дейін әйелдің өз қызына бүйрек ауыстыру отасын тегін жасатқаны белгілі болды. Биыл мамырда сот Жақсылықованы қайырымдылық қорына қыздың отасына деп бөлінген 10 миллион теңге қаражатты қайтаруды міндеттеген болатын.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024