Академик Оразалы Сәбденнің «Абай және Қазақ болашағы» атты кітабы жарық көрді
Белгілі ғалым, қоғам қайраткері, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Оразалы Сәбденнің «Абай және Қазақ болашағы» атты кітабы жарық көрді.
Абай Құнанбайұлының шығармалары мен қара сөздері қазақ халқын, жалпы адамзат баласын екі ғасырдан бері рухани құндылықтарға жетелеуде. Абай - ой мен сөз бостандығының символына айналды. Қазақтың идеалы – Абай. Кітапта оның қара сөздерінде көтерілген мәселелерді XXI ғасырда іске асыру тетіктері айқындалған. Сондай-ақ, қазақ еліне, жалпы өркениетке елеулі үлес қосқан әл-Фараби, Мұхаммед Хайдар Дулати, Абылай хан, Дінмұхамед Қонаев сияқты 30-ға жуық тарихи ұлы тұлғалар туралы қысқаша мəлімет беріледі.
Кітаптағы әрбір қара сөздің мазмұны екі бөліктен тұрады. Біріншісі - мəселенің қазіргі жағдайы қалай, екіншісі - не істеу керек деген сұраққа жауап іздеп, ұсыныстар беру. Автор бұл арқылы Қазақстанды, яғни Қазақ елін жаңа өркениетке, ізгілендіру қоғамына көтеру туралы ұсыныс жасайды. Сөз соңында адамзаттың XXI ғасырда өмір сүру жолдары ұсынылған. Атап айтқанда: рухани-мәдени, ғылыми-технологиялық революция, экология, ғарышты игеру, қауіпсіздік, экономика туралы алға жетелейтін базалық құндылықтардың тетіктері қарастырылған.
«Біз Абайға қайта бет бұрып, оның туындыларынан ақиқат пен шындықты, оның толық адамынан ар-ұят, намыс пен мейірімділікті алып, өзімізді өзгертуге, рухани жан дүниемізді түзетуге бет алсақ екен» дейді автор.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024