Бұрын кімнен қанша қарыз алғаныңды, кімге қанша қарыз екеніңді қойын дәптерге тізіп қоятынбыз. Ата-аналарымыз бұл істің шебері. Азық-түлік, киім-кешек және өзге ұсақ-түйектерге дейін есепке алынатын. Бүгінде қалам мен қағазсыз-ақ қаражатыңызды басқаруға мол мүмкіндік бар. 7kun.kz ақша есебін жүргізуге арналған 7 мобильдік қосымшаларды тізіп бермекші.
"Миниденьги" қосымшасы
«Миниденьги» мобильдік қосымшасы сізге шығындарыңыз бен табыстарыңыздың толық есеп-қисабын жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі қаржылық жағдайыңыз туралы көрнекі есеп жіберіп тұрады. Сіз әрдайым сізде қанша ақша барын, қаражатыңыздың қайда кеткенін, банк есепшоттары мен карталарыңыздағы ақшаның көлемін біліп отырасыз. Бұл қосымшаның ерекшелігі:- барлық операцияларды бастапқы экранда төлем жүргізу кезінде немесе ақша алған уақытта жүргізе аласыз;
- валютаның барлық түрін қолдайды. Курстарды интернет арқылы автоматты түрде жаңартып тұруға болады;
- кез келген операцияны әмиянның атауы, пікір не кілтсөздер арқылы табуға болады;
- диаграмманың көмегімен шығындар туралы ақпарат алып, нақты не нәрсеге кеткенін қарауға болады;
- қалған қаражат туралы есеп әмияндарға түскен барлық түсімдердің динамикасын сараптауға мүмкіндік береді;
- сақтық көшірмесін жасап, сол жерден мәліметтерді қалпына келтіруге болады;
Alzex Finance Free қосымшасы
Бұл қосымшаның ерекшеліктері: - iOS құрылғылары және компьютермен үйлестіруге болады. Бір базаны бірнеше адам енгізе отырып, интернет арқылы Dropbox бұлттық қызметін қолдана отырып өзгерістерді синхрондай алады. Бір файлдмен түрлі компьютерлер бір уақытта (бір желіде) қолдануға болады; - Мәліметтермен жұмыс істеуге арналған құралдар көп. Кез келген өзгерісті болдырмау немесе қайталау. Транзакцияларды топтау, сорттау және фильтрдің икемді жүйесі; - Құпиясөз қою. Мәліметтер базасын құпиясөзбен жасырып қоюға болады. Сіздің қаржылық жағдайыңыз туралы тек сіз ғана біле аласыз. Бағдарламамен бірнеше адам жұмыс істей алатындықтан, кімнің қандай жазба жасағанын біліп отыруға болады; - Есепшоттар Бағдарламада транзакцияларды бөлудің негізгі тәсілі. Сіз қалағаныңызша есепшоттар аш а аласыз. Мәседен, банктегі есепшот, несие картасы, электронды ақша т.б Шоттарды топқа біріктіруге болады; - Жоспарлау Жоспарлаушы күнделікті транзакцияларды автоматты түрде жасауға мүмкіндік береді. Ондай транзакциялар бағдарламада қолданушының қатысынсыз енеді. Егер өзегрткіңіз келсе, баптаулардан өзіңіз құптайтын түрін ауыстыра аласыз; - Бюджет Шығындарыңызды бақылауға алып отырады. Яғни сіздің қаржылық ахуалыңыздың дамуын көрсетіп отырады; - Қарыздар және несие Қарыздар мен несиелер есебі жүреді. Біз несие алып, қарыз берген болсаңыз соның барлығын бағдарламаға енгізесіз. Осыдан соң бағдарлама оны есепке алады. Қарыздарыңызды кез келген шоттан, кез келген валютада төлей аласыз; Қосымшаны Play Market және App Store дүкендерінен жүктеп алсаңыздар болады. Бағасы: Android және iOS үшін тегін.Homemoney қосымшасы
Бұл қосымша ТМД елдері арасындағы ең танымал мобильдік қосымшалардың бірі. HomeMoney - үй бухгалтериясын жүргізуге арналған алғашқы орыс тілді интернет онлайн сервис. Қосымша арқылы транзакциялар қосуға, өзгертуге, баланс пен есепшоттардағы ағымдағы қаржыны білуге болады. Бұл қосымшаның артықшылығы: - Интернетке қосылмай-ақ жұмыс істей береді; - Қосымша құпиясөз жасыруға болады; - Homemoney серверінде жеке қаржылық мәліметтерді қауіпсіз сақтауға болады; Қосымшаны Play Market және App Store дүкендерінен жүктеп алсаңыздар болады. Бағасы: Android, iOS үшін бастапқы нұсқасы тегін Премиум жазылым 3 ай - $5.99 (автоматты жаңарту) Премиум жазылым 1 жылға - $15.99 (автоматты жаңарту)"Где деньги" қосымшасы
iOS -қа арналған қаржылық жағдайды басқаруға көмектесетін мобильдік қосымша. Бұл қосымшаның ерекшеліктері: - жеке шығындарды есептеу; – әмияндар санының көптігі; – барлық әмиянның бюджетін немесе жекелей санаттар бюджетін басқару; – қазіргі қаржылық жағдайды толық бақылау ұстау; – танымал валюталармен есеп жүргізу; – Touch ID арқылы құпиясөзбен қорғау; – iCloud-қа мәліметтер автоматты түрде сақтық көшірмесіне сақталады; – iOS8-ге арналған виджет; Қосымшаны App Store дүкенінен жүктеп алсаңыздар болады. Бағасы: тегінMonefy қосымшасы
Бұл қосымшаның ерекшеліктері: - Интерфейсі өте түсінікті; - Жаңа жазбаларды жылдам қосу; - Шығындарды әдемі график түрінде беру; - Санаттарды басқару; - Жеке Dropbox аккаунтыңыз арқылы қауіпсіз үйлестіру; - Есептік кезең таңдау; - Белгілі бір мерзімге шығындарды тиімді басқару режимі; - Сақтық көшірме; - Жарнама жоқ; Қосымшаны Play Market дүкенінен жүктеп алсаңыздар болады. Бағасы: тегінДеньги ОК қосымшасы
Бұл қосымшаның артықшылықтары: - CSV-файл етіп экспорттау (Excel-де ашылады) -есеп жүргізу; - табыстарды есептеу; - калькулятор - операцияларға пікір жазу; - тұрмыстық санаттарға бөлу; - құпиясөз; - Touch ID - жедел мәліметтер базасы; - iCloud-пен үйлестіру; - бэкаптар Қосымшаны App Store дүкенінен жүктеп алсаңыздар болады. Бағасы: тегінMoney Manager қосымшасы
Бұл қосымшаның артықшылықтары:
- Дербес компьютермен байланыстыруға болады;
- Wi-fi арқылы қосылып операцияларды компьютеріңізде реттеп, өзгертуге болады.
- Қосарлы жазба жүйесін қолдануға болады. Бұл қосымшада сіздің есебіңіз бен өзге активтердің жағдайын бақылауға мүмкіндік бар;
- Бюджеттерді басқару, қаржылық ахуалыңыз инфографикамен беріледі;
- Несие карталарын басқару. Картамен төленуі тиіс қарыздарыңыздың мерзімін белгілеп қойсаңыз, алдағы уақыттағы жоспарларыңызға енеді. Сонымен қатар, автоматты түрде төлеу жүйесін де енгізе аласыз;
- Құпиясөз;
- Қайталатын аударымдар мен операцияларды шығарып отырады. Сол арқылы жедел арада қаражатыңызды басқаруға мүмкіндік бар;
- Ыңғайлы статистика. Кез келген уақытта табыс пен шығын көлемін көре аласыз;
- Жиі жүргізілетін операцияларды "таңдаулы" етіп қоюға болады;
- Мәліметтерді көшіруге және қайта қалпына келтіруге болады. Және пошта арқылы жіберуге болады. Excel кестесіне, IPhone-нан импорттауға болады.
Қосымшаны Play Market және App Store дүкендерінен жүктеп алсаңыздар болады.
Бағасы: тегін (ақылы нұсқаларын да алуға болады)
Дайындаған Жадыра Аққайыр "7"
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024