Вашингтон. 14 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылы АҚШ пен Канаданың мұнай компанияларының банкрот болу көрсеткіші азайды. Сарапшылар бұған басты себеп ретінде мұнай саласының үш жылдық дағдарыстан шығуын айтады.
14 шілдені қоса алғанда банкрот болуға 14 солтүстік америкалық компания өтініш берген. Олардың қарызы $5,1 млрд 2016 жылдың ұқсас кезеңінде 55 мұнай компаниясы банкрот болған еді. Сарапшылар мұнай сервисімен айналысатын және мұнай мен назды сақтау, тасымалдаушы компaниялар арасында да банкрот болушылардың азайғанын айтады. "Мұнай-газ саласы бағаның жаңа нормасы барреліне $45-$55 - "бой үйретті", дейді АҚШ-тағы Haynes & Boone заңгерлік компаниясының серіктесі Иэн Пек. 2014 жылдың соңынан бері мұнай бағасының күрт төмендеуінен АҚШ пен Канадада $80 млрд қарызы бар 128 өндіруші банкрот болған еді. Мұнай сервисімен айналысатын компаниялардың 144-і банкрот болған. Олардың қарызы $35 млрд.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024