Бүгін Алматыда үш өлшемді баспа мен сканерлеу технологияларына арналған халықаралық конференция өтті. 3D Print Conference. Almaty конференциясы Қазақстанда осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Шара аясында қазақстандық мамандар құрастырған алғашқы 3D-принтердің тұсаукесері болды.
3DLab зертханасының мамандары ұсынған құрылғы 3D технологиясы арқылы сіздің өніміздің үш өлшемді бейнесін ұсынады. Компания ұсынып отырған тауардың негізгі ерекшеліктерінің бірі - бағасында. 3DLab-та құрастырылған принтердің бағасы нарықтағы бағадан 20-30 пайыз арзан болмақ.
Жалпы әлемдік нарықта 3D басылым технологиясы кеңінен танымал, алайда тұтынушылар мұндай құрылғыларды пайдалану кезінде үлкен кедергілерге тап болады. 3DLab осы сервисті яғни өндіріс, оқыту, техникалық қызмет көрсету және принтердің бағдарламалық қамсыздандырудың тұрақты түрде жаңаланып тұруын ұсынады.
Осыған дейін де қазақстандық 3D баспа және сканерлеу технологиясы нарығында бірнеше компания жұмыс істеп келді, бірақ қазақстандық принтер алғаш рет жұртшылыққа таныстырылып отыр.
Ал 3D Print Conference өзін инновациялық технологиялармен танысуға мүмкіндік беретін алаң ретінде көрсетіп үлгерді. Осыған дейін мұндай конференциялар Мәскеу, Киев және Баку қалаларында өткен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024