Алматы. 7 қыркүйек. 7kun.kz - «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ «Исламдық банкинг пионері» номинациясында Global Islamic Finance Awards (GIFA) сыйлығына ие болды. 2017 жылы GIFA марапаттау рәсімі Астанада өтті. Бұл сыйлық исламдық банкинг және қаржы саласындағы ең беделді марапаттардың бірі болып саналады, деп хабарлайды Банк баспасөз қызметі.
«Біздің банк 7 жылдан астам уақыт бойы Қазақстандағы исламдық банкингтің жаңа мүмкіншіліктерін ашып келеді. Жеке тұлғаларға қызмет көрсету нарығына шығуымызға орай бұл сыйлық біз үшін аса мәнді болып отыр. Қазақстандағы исламдық банкингтің флагманы ретінде біз болашақта да ең жоғары қызмет көрсету стандарттарын ұстануға талпынамыз»», - деді «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Гордон Хаскинс.
Естеріңізге салсақ, 2014 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев GIFA сыйлығының лауреаты атанды.