Алматы. 9 шілде. 7kun.kz - Алдағы төрт жылда ШҚО, Алакөл ауданында жалпы құны 31 млрд теңге болатын жеті инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Меруерт Ниязова хабарлады.
"Су құбыры мен кәріз желілерін, электр беру желілерін салу, жағалауды бекіту, Үржар ауылындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңарту, жағалауды кептіру жоспарланған", – дейді Меруерт Ниязова.
Сонымен қатар, ШҚО-да базалар мен санаторийлерге емдік радон суын жеткізу үшін суағар салынуы мүмкін, бұл көлде жыл бойы демалуға мүмкіндік береді.
Ведомствода атап өткендей, соңғы екі жылда 5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген жағалауды абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Демалыс аймағында заманауи автотұрақ, вело-тротуарлық жол салынады және сауда павильондары орнатылады.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында туристік саланы дамыту үшін жеке инвестицияларды тарту жоспарланып отыр. Маусым айында ШҚО әкімдігі көл жағасындағы қонақ үй құрылысы бойынша үздік жобаға конкурс жариялады. Жеңімпаздарға екі гектар жер бөлінеді. Туристік нысандар салынғаннан және пайдалануға берілгеннен кейін кәсіпкерлер жерді жеке меншікке ресімдей алады
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024