Алматы. 13 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың қаңтар-маусымында қазақстандық байланыс кәсіпорындары 338,4 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
Бұл 2016 жылдың аталған мерзімнен 2,5 пайызға жоғары көрсеткіш.
Комитеттің мәліметінше, 2017 жылы 6 ай ішінде қалааралық және халықаралық телефон байланысынан телекоммуникациялық компаниялар 14,2 млрд теңге қаржы тапқан (2016 жылғыдан 10,5 пайыз жоғары). Ал жергілікті телефон байланысы 20,8 млрд теңге (6,5 пайызға кем), ғаламтор байланысы - 111,5 млрд теңге (12,4 пайызға артты), ал ұялы байланыс - 105,4 млрд теңге (1,1 пайызға жоғары) пайда әкелген.
Байланыс қызметтерінің ең көп бөлігі ғаламторға тиесілі - 32,9 пайыз, мобильді байланыс - 31,3 пайыз, телекоммуникациялық қызметтер - 16,8 пайыз, жергілікті телефон байланысы - 6,2 пайыз, қалааралық және халықаралық телефон байланысы - 4,2 пайыз.
Одан бөлек, 2017 жылдың қаңтар-маусымында 14,8 млрд теңгеге пошталық және курьерлік қызметтері көрсетілген. Бұл 2016 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 11,7 пайызға көп.
Айта кетейік, ғаламтор - байланыс нарығында көш бастап тұрған сала. Ғаламтор провайдерлерінің кірісі, 2017 жылдың 4 айында, 11 пайызға өскен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024