Экономика
Альберт Рау теңгенің рубльге қатысты бағамы кәсіпкерлік үшін тиімді деп есептейді
Қазақстандық кәсіпкерлерге теңге үшін рубль паритеті 1:4,5 болғаны қолайлы. Бұл туралы БҰҰ-ның Өнеркәсіп қауіпсіздігі туралы мемлекетаралық кеңесінде инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау мәлімдеді деп хабарлайды LS.
"Менің білуімше, бүгін рубль бағамы 4,5 теңге болып белгіленді. Бұл біздің аграрлық сектор мен өнеркәсіп ісінде қандай жағдай болмасын жайлы болуына мүмкіндік береді. Қайта жұтап қалмаймыз. Менің ғана емес, жалпы бизнестің пікірі осындай", - деп мәлімдеді ол. А.Раудың мәлімдеуінше, қазақстандық дайын өнімдер экспорты құлдырап жатыр. "Трансформатор, конденсатор - алуан түрлі тауар бар. Біз жылдың алғашқы жартысында-ақ оларды жоғалтып алдық. Қазіргі таңда Рудныйдан Магниткаға жентектерді қойып жатқан жоқпыз. Себебі ресейліктер үшін біздің жентекті сатып алу тиімсіз. 50 жыл бойы алып келіп, енді алмай қалуы тікелей теңге курсымен байланысты. Сондықтан қазан айында жентектерді Магниткага орналастыру қайта қолға алынады деп ойлаймын", - деген сенім білдірді вице-министр. "Қазіргі жағдайда теңге бағамының құлдырауына байланысты нарықта өмір сүру үшін Ресейден өнім сатып алып жатқан кәсіпорындарға қысым көрсетпеу керек. Бұл экономика валютаның құбылмалылығына шыдас бермейді", - деп түсіндірді ол. Альберт Рау машина жасау өндірісі оң өзгерістер көрсетіп жатқанын айта кетті. "Бізде құлдырау 30%-ға жетті, бірақ тамыз айында автокөлік өндірісі шілдеге қарағанда 7 %-ға өсті. Яғни маусым-шілде айларында құлдырау болғанмен, тамызда автокөлік жасау ісі жақсы нәтиже көрсетті ", - деген мәліметтер келтірді. Шенеунік алдағы айларда өсім қалпы сақталып, кәсіпорындар құлдырау кезіндегі көрсеткіштерінің орнын толтырады деп үміттенетіндігін жеткізді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024