
Қазақстанда 2015-2017 жылдары 73 білім беру обьектісі ашылады. Олардың 57-і 3 мезгілді оқытатын мектептерді, 16-ы апатты жағдайдағы мектептерді алмастырады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ғылым және білім беру вице-министр Есенғазы Иманғалиев мәлімдеді.
Ведомстваның баспасөз-қызметінің мәліметінше, мектептер салуға Ұлттық қордан 61,9 млрд теңге бөлінеді. Олардың 14,3 млрд теңгесін 2015 жылы, 23,09 млрд теңгесін 2016 жылы, 24,5 млрд теңгесін 2017 жылы игерілмек.
Сондай-ақ, республикалық бюджет есебінен 44 мектеп, жергілікті бюджет есебінен 118 мектеп салу жоспарланып отыр.
"Конкурсты процесстердің көбінде жеткізушілер жергілікті деңгейде қабылданған шешіммен келіспей, құрылыс уақыты созыла береді. Ал, жалпы, біз құрылысы аяқталмаған мектептерге мониторинг жүргізіп, оларды салуды аяқтаймыз", - деді вице-министр.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025