Чилилік Cochilco мемлекеттік комиссиясы осы жылы әлемде мысқа деген сұраныс 2%-ға, келесі жылы 2,8%-ға өседі деп болжам жасайды. Үлесіне жалпы әлемдік көрсеткіштің жартысы келетін Қытайдың тұтынуы 2015 жылы 3,5%-ға көбейеді.
Мемлекеттік комиссия әлемдік нарықтағы мыс көлемінің көбейіп кетуін 154 мың тонна, 2016 жылы 323 мың тонна деп бағалады. Ақпан айында бұл көрсеткіш тиісінше 275 мың тонна және 404 мың тонна деп белгіленген еді. Ал 2018 жылы тапшылық орын алып, металл бағасы өсе түседі деп болжайды.
Мемлекеттік комиссия осыған дейінгі 2015 жылы мыс бағасы 2,85 доллар, келесі жылы бір фунты үшін 2,8 доллар болады деген болжамын сақтап қалды. Cochilco-ның мәлімдеуінше, осы жылы Чилидегі мыс өндірісі келесі жылмен салыстырғанда 5,94 тоннаға дейін немесе 3,3%-ға дейін көбейеді.
Айта кетейік, 2014 жылы мыстың орташа бағасы бір фунты үшін 3,113 доллар болып, Cochilco-ның мыс бағасы 3 доллар деген көрсеткішімен шамалас түсіп еді.
Чили - мыс өндіру бойынша әлемдік көшбасшы. Елдің ЖІӨ-нің 15%-ын, мемлекеттік табыстың 20%-ын және экспорттың 60%-ын мыс өндірісі құрап отыр. Мыс өндірісінің көлемі бойынша ең ірі халықаралық Codelco компаниясы ел үкіметіне тиесілі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024